Аталмыш форматтағы шара "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясында ұйымдастырылған болатын.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өткізілген бұл шара көпшілікке тиімді болды.
-"Нұр-мүбәрак" университетінің жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының басшысы, теология ғылымдарының докторанты Асқар Сабдин мен Л.Н.Гумильев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының меңгерушісі Кеңшілік Тышхан дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Болашақта бұл дәрістердің берер көмегі зор болатынына сенімдемін,-деп атап өтті "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жандос Мейірманов.
Сонымен қатар, "Нұр" университетінің профессоры Ақсауле Қарабалина қатысушыларға психологиялық тренинг пен оның әдістерін, Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың басшысы Нұрмұхаммет Разақов сөз саптау бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.