«Zhas Projeсt» гранттық бағдарламасы аясында тағы бір әлеуметтік жоба жұмысын бастады.
Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сәуле Батырғанова менторлық ететін «Тіл мәдениетінің заманауи талабы» атты әлеуметтік жоба жұмысын бастап кетті. Аталған жоба Хромтау қаласында жүзеге асырылып, елімізде тіл мәдениетін арттыру мақсатында білім беру арқылы латын әліпбиін оқуға және жазуға осы кезден бастап үйретуде.
Сондықтан, бұл жоба алдымен зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, қызығушылық танытқан жастарға курстық білім беру арқылы үйретуді көздейді.
Осылайша, жоба авторлары заманауи тіл мәдениетін қалыптастыруда нәтижеге қол жеткізіп, жастарға үлгі болуда. «Zhas Projeсt» грантының арқасында іске қосылған жобаның қатысушылары алғашқы сабақтарын өтізіп жүр.