Қазір мектеп оқушылары демалысқа шықты. Оқушылар бос уақытта немен айналысады? Құқықбұзулыққа барады ма? Осыны анықтау мақсатында мектептер мен көшелерде рейд ұйымдастырылды.
Ақтөбелік оқушылар қазан айының 29-нан бастап, күзгі демалысқа шыққаны белгілі. Осыған орай, кәмелетке толмаған балаларды тексеру мақсатында Ақтөбе қаласы ІІБ Зауыт полиция бөлімінің инспекторлары ағымдағы айдың 29 мен 4 қараша аралығында республикалық "Каникулы" деп аталатын ЖПШ жүргізіп, тәртібін жіті қадағалауда.
Аталмыш шараға облыстық Жастар ресурстары басқармасының өкілдері де атсалысып жүр.
Баланың түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін ата-ана жауап береді деп атап өтті полиция қызметкерлері.