18+

Ақтөбелік жастар алаңға шықты

Жоғары оқу орындары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, сонымен қатар жұмысшы жастар арасында «SPORTLIKE» атты волейболдан жолдастық кездесулер өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды City04.kz.

Шара Елбасының ағымдағы жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын: «Қолданыстағы, әсіресе оқу орындарындағы спорт ғимараттарын тиімді пайдалану қажет» тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Шараға кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, сонымен қатар жұмысшы жастардан құралған командалар қатысады. Ойын соңында қатысушы командалар жүлделі I, II, III орындармен және «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша алғыс хаттармен марапатталатын болады.