Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы режиссер Мейрам Хабибуллиннің қоюымен жыр жауһары Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали» атты перфомансты сахналайды, деп хабарлайды City04.kz.
Қойылым премьерасы а.ж. ақпан айының 9-ы күні сағат 12.00; 16.00-де, өтеді.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім- деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де оның өлеңі өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады деп- оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Ақынды еске алу, оның өшпес көркем мұрасын жастарға насихаттау.