«Шығармашылық академиясында» Ақтөбе облысы білім басқармасының алқасы өтті. Оған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Алқа облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның өткен жылдың қорытындысы, 2019 жылға арналған мақсат-міндеттер туралы есебінен басталды. Оның сөзінше, мектепке дейінгі білім берудің басты міндеті – балалардың 100% қамтылуын қамтамасыз ету. Былтыр облыста 36 мектепке дейінгі мекеме ашылса, оның 32-сі жеке балабақшалар. 14 мемлекеттік балабақша сенімді басқаруға берілді. Л.Оразбаева сенімді басқарудың кейін мекемені жекеменшікке сатып алу құқығын бермейтінін атап өтті.
Облыс әкімі жеке балабақшалардың үнемі қадағалауды қажет ететін мәселелері барын айтты.