18+

Ақтөбеде көгершіндер көрмесі өткізілді

Фото: Пресс-служба акимата города Актобе

Ерекше шара барысында қатысушылар  назарына бейбітшілік құсының сан түрі ұсынылды, деп хабарлайды City04.kz.

"Халықаралық көгершіндер" көрмесіне еліміздің және көрші мемлекеттердің кептер баптаушылары қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп те үлгерді.

Шара қаламыздың 150 жылдығына орай, Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімдігінің және "Ақтөбе құсшылары" ұйымының ұйымдастыруымен "Алматы" ауданы Қарғалы ауылы "Геолог" мәдениет Үйінде ұйымдастырылды. Көрмеге Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қазақстан мемлекеттерінен 56-дан астам әуесқой кептер өсірушілері  қатысты.   

 Айта кетейік, бұл іс-шара "Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, сирек кездесетін кептерлер тұқымдарын селекцияландыру, өскелең ұрпақтың кептерлерді өсіруге  деген қызығушылықтарын ояту және кептер құсының алуан түрлерімен таныстыру мақгсатында өткізілді.