18+

Облыс әкімі "Ақтөбе" ФК қолдайды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақовты қабылдады, деп хабарлайды City04.kz.


Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, кездесу барысында Самат Смақов облыс басшысына клубтың қазіргі жағдайы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Оңдасын Оразалин жергілікті билік органдары «Ақтөбе» футбол клубын қолдау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті. Сонымен қатар, аймақтағы, соның ішінде аудандарда бұқаралық және жасөспірімдер футболын, футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды.

«Ақтөбе» футбол клубы ақтөбеліктер үшін өте маңызды. Біздің тарапымыздан сізге қажетті қолдау мен көмек көрсетеміз деп сендіремін», - деді облыс әкімі «Ақтөбе» клубына жоғары спорттық жетістіктер тілеп.