18+

Ақтөбеде "Достық аруын" таңдады

Ақтөбе облысының «Жаңғыру жолы» штабы РЖҚ ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығымен және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен «Достық аруы-2019» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Байқаудың мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары және облыс студенттер арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастардың өз-өзін одан әрі дамыту,рухани адамгершілік тәрбие жүйесінде негізгі құндылықтарды насихаттау.

Іс-шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ сарапшылары, қала тұрғындары, этномәдени бірлестіктердің жастары және Ақтөбе облысының студенттері қатысты.

«Достық аруы» облыстық байқауының қорытындысы:

1 орын- Гнатюк Ирина, «Оксана» украин этномәдени Қоғамдық бірлестігі,

«Мисс Элегантность» - Диана Шурыгина , «Возрождение» неміс этномәдени  Қоғамдық бірлестігі,

«Мисс Грация»- Полина Букина , «Славяне» Ақтөбе өңірлік орталығы, этномәдени  Қоғамдық бірлестігі,

«Приз зрительских симпатий» - Ирина Гончарова , «Возрождение» неміс этномәдени  Қоғамдық бірлестігі,

«Мисс очарование»- Айгерім Мырзабекова ,кәріс этномәдени  Қоғамдық бірлестігі,

«Мисс талант»- Розалия Исхакова , «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени  Қоғамдық бірлестігі.