Атырау қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен əйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауыншы, чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 300- ден астам жекпе-жек шеберлері қатысты.Сайыс барысында бақтары мен баптарын сынға салған спортшылар екі күн бойы бас жүлдеге таласты.
Аталмыш жарыстан облысымыздың спортшылары да жақсы нәтиже көрсетіп, командалық есепте үздік үштіктен көрінді. Жалпы айтқанда, жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдарына ие болды.
Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша Алматы облысы құрамасы жалпы командалық есепте қанжығасына бірінші орынды байлады. Атырау облысының спортшылары 4 алтын медальмен екінші орынға іліксе, жерлестеріміз үздік үштікті түйіндеді.