Eurasian Resources Group (ERG) биыл Ақтөбе облысындағыәлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға3,2 млрд теңге бөледі. Тиісті меморандумға 6 наурыз, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин менERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің кездесуінен кейін қол қойылды. Құжат өңір басшысы мен ERG бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Альдияр Қазтаевтың қолдарымен бекітілді, деп хабарлайды City04.kz.
Қаражат Хромтау қаласындағы орталық ауруханаға жас мамандарды тартуға және медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, жылу, су, жарықпен жабдықтау желілері мен кәріздердің құрылысына және күрделі жөндеулеріне, көлік жолдары мен қала саябағын қалпына келтіруге, Хромтау тау-кен – техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, Хромтау қаласы мен Дөң ауылында балалар және спорт алаңдарын орнатуға, Ақтөбе қаласындағы жеңіл атлетикалық манеж құрылысына жіберіледі.
Меморандум аясында сондай-ақ, Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданындағы автокөлік жолдарын салу, Хромтаудағы қоқысты шығару үшін арнайы техника, қалалық жолаушылар тасымалы үшін автобустар сатып алу, сонымен қатар, өзге де әлеуметтік, мәдени және спорттық жобаларды қолдау жоспарланып отыр.
Оңдасын Оразалин: "ERG құрамына кіретін ақтөбелік кəсіпорындардың облыс экономикасын дамытуда маңызы зор. Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту бойынша маңызды тапсырмасын жүзеге асыруға сіздердің де белсене ат салысып жатқандарыңыз қуантады. ERG-нің біздің облысты дамытуға салатын инвестициялары ақтөбеліктер үшін жақсы қолдау болады",- деп атап өтті.