18+

«Digital agent» мобильді қосымшасы оқытылды

Облыс әкімдігінің ғимаратында МҚжСЖҚІҚА Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Digital agent» мобильді қосымшасына қосылған меморгандар арасында семинар-тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды City04.kz. 

Шараға барлық ХҚКО, мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармалары, аудандық әкімдіктер, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті бейнеконференц байланысы арқылы қосылып қатысты. 

Департамент қызметкерлері мобильді қосымша туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шара барысында қосымшамен жұмысты одан әрі жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар берілді.