Ақтөбеліктер үшін «Азаматтарды онлайн қабылдау» тұрақты айдары жалғасын табады, деп хабарлайды City04.kz.
Бүгін, 19 наурыз күні сағат 16-00-де облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Калиевтың қатысуымен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @aktobe_kyzmet ресми парақшасында өтетін «Азаматтарды онлайн қабылдау» тұрақты айдарына қатыс алады.
Бекітілген кестеге сәйкес Әсет Әскерұлы тікелей эфир арқылы азаматтардың денсаулық саласына қатысты толғандыратын сұрақтарына жауап береді.
Қабылдау сағат 16.00-ден 16.40 аралығында тікелей режимде өтеді.