ҚР Білім және ғылым вице-министріЭльмира Суханбердиева мен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинжаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің республикалық олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбеде жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар бойынша республикалық пән олимпиадасы аяқталды
Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева құттықтау сөзінде: «Ақтөбеліктерді 20-шы республикалық олимпиаданы өткізу құрметіне ие болғандары үшін құттықтаймын. Есте қаларлығы, бұл біріншілік алғаш рет сонау 1998 жылы осы Ақтөбеде өткізілген және мерейтойлық 20-шы олимпиада да осы жерде жоғары деңгейде өтті»,- деді.
Зияткерлік біріншілік Ақтөбеде «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанынан 15-20 наурыз аралағында өтті. Оған 832 оқушы қатысты, оның ішінде ең айтулы халықаралық олимпиадалардың сексеннен аса бірнеше дүркінжеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
«Республикалық олимпиаданың финалын қабылдау – біздің облыс үшін үкен құрмет. Ақтөбе жері – Қобыланды мен Әлия Молдағұлова сынды ержүрек батырлардың, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің, ғалым Құдайберген Жұбановтың, бірегей әнші Димаш Құдайберген мен басқа да ұлы тұлғалардың туған жері. Бір апта ішінде елдің 800-ден аса үздік жас ақылдылары жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдардың мықтысы атағы үшін сайысқа түсіп қана қоймай, біздің облыстың мәдени-тарихи көрікті жерлерімен жақын танысты. Сіздер дарындысыздар және біздің тәуелсіз еліміздің болашағысыздар. Әрқайсысыңызға Отан игілігі үшін жемісті қызмет етуде өмір жолдарыңыз жарқын болсын деп тілеймін»,- деді оқушылармен амандасқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы отырғандарды да Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға бірлік, бейбітшілік пен амандық тіледі.
Айта кетейік, осы жылғы олимпиаданың ерекшелігі – ашықтықты қамтамасыз ету үшін барлық айналым онлайн тәртіпте трансляцияланды. Әрбір қалаған адам жарысқа виртуалды түрде қатысып, оқушылардың жауаптарын тексеру кезінде қазылар алқасы жұмысының әділдігіне көз жеткізе алды.