Биыл Ақтөбедегі автомобиль жолдарын жөндеуге 4 млрд теңге бөлінеді
«Ағымдағы жылы автомобиль жолдарын орташа, күрделі жөндеу мен салуға республикалық, жергілікті және облыстық бюджеттерден 4 млрд теңге бөлінді. Байғанин, Құлымбетов, Өтемісов көшелеріндегі, М.Мәметова көшесінің 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылынан Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі бөлігіндегі, Ақжар-Родниковка тас жолы мен Ембі көшесіндегі алты нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталатын болады. Күрделі жөндеу жұмыстары Россовхоз кентінен Кірпішті кентіне дейінгі автомобиль жолында, Бекқұл баба ауылындағы орталық автомобиль жолында және Ясный кентіндегі Мир көшесі бойындағы "Ақтөбе-Алға" автожолында жүргізілетін болады. Сонымен қатар, былтыр басталған екі жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталады», - деді жоспарларымен бөліскен спикер.
Сондай-ақ, Батыс-2 ықшам ауданындағы үш ірі автомобиль жолдары мен "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданында екі нысанның құрылысы жалғасатын болады. Ол жақта жобалар аясында жолдың жүретін бөлігінің ені 7 метрден 15 метрге дейін болатын және тиісті жол инфрақұрылымы элементтері бар 15 автомобиль жолдары салынбақ.
Ибраим Көзбаев, облыс орталығының негізгі магистральдық көшелеріндегі кептелісті азайту мақсатында М.Мәметова көшесіндегі "Сазды" өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы, "Сельмаш" ауданындағы Арынов көшесі бойындағы жол өткелінің құрылысы жалғасатынын, сондай-ақ Тургенев көшесінен Ғ. Жұбанова көшесіне дейінгі автомобиль жолдарының қайта жаңартылатынын айтты.
Жол құрылысы жұмыстары Ақжар ауылында, сонымен қатар, Сәңкібай батыр даңғылынан Тәуелсіздік көшесіне дейінгі жерде басталады, 12 шағын аудандағы айналма жолдан Ә. Молдағұлова даңғылы, Арынов, Тәуелсіздік, Мәңгілік Ел көшелеріне дейінгі көлік жолдары қайта салынады деп күтіліп отыр.