18+

Ақтөбеліктер "Нұр-сұлтан" атауын қолдады

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Астана қаласын «Нұр-Сұлтан» атауына өзгертуді қолдау акциясы өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Шараға қоғамдық кеңестердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ардагерлер, спортшылар, кәсіпкерлер, жастар, түрлі кәсіпорын ұжымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдері және қала тұрғындары қатысты. 

Шара барысында облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Амангелді Есіркепов, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының төрағасы, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев, кәсіпкер, Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Алтынай Мұханова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Асылжан Бүркіталин Астанаға «Нұр-Сұлтан» атауын берудің тарихи маңыздылығын қолдап, жиналған жұртшылыққа сөз сөйледі. 
Әрі қарай акция концерттік қойылымымен жалғасын тапты.