18+

Ақтөбеде терроризмге қарсы комиссияның және өңірлік жедел штабының жұмысы қаралды

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша облыстық полиция департаменті бастығының 1-ші орынбасары Қанат Нұрмағанбетов терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды City04.kz.   

Сонымен қатар, жиында Мәртөк, Әйтеке би және Қобда аудандарындағы терроризмге қарсы комиссиялардың жұмысы туралы аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин баяндамашыларды мұқият тыңдап, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандарып, үнемі қатаң бақылауда ұстап отыруды тапсырды.  

Сонымен бірге көпқабатты тұрғын үйлердегі және тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігінің жағдайы, өрттің алдын алу шаралары туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов және қосымша баяндамашы ретінде қала әкімі Ілияс Испанов та сөз сөйледі.  

Бірлескен жиын қорытындысы бойынша облыс əкімі Оңдасын Оразалин экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын күшейту керектігін айтты.