Ақтөбеліктер Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы әскери тікұшақ апатынан қаза тапқан майор Данияр Қоңырбай және ефрейтор Өмірхан Қауқаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе қаласындағы әскери әуежайда өткен қаралы митингке облыс әкімі Оңдасын Оразалин де қатысты, жерлестеріміздің рухына арнап сөз сөйлеп, еске алды.
Атап өтетін жайт, қаза тапқан жерлестеріміздің отбасыларының әрқайсысына 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі.
Сондай-ақ жерлеу рәсіміне облыс басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Мавр Абдуллин Мұғалжар ауданына барып, Данияр Қоңырбайдың, облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов Мәртөк ауданына барып Өмірхан Қауқаевтың жерлеу рәсімдеріне қатысады.
Аудан әкімшіліктері қаза тапқан жерлестеріміздің жерлеу рәсімдеріне кететін барлық шығындарды көтереді.