Өңірде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сұрақтар мен алдағы уақытта шағын және орта бизнесті дамыту жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «ЭСК «KazakhExport» АҚ-ның басшысы Руслан Искаков пен «Даму» КДҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұловпен кездескен болатын.
Абай Сарқұловтың айтуынша, Ақтөбе облысында «БЖК 2020» жүзеге асқаннан бастап құны 102,7 млрд теңге болатын 885 жобаға қолдау көрстілген. Оның ішінде 2018 жылы 7,5 млрд теңге болатын 95 жобаны субсидиялау келісіміне қол қойылған. Ол сондай ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарлары туралы әңгімеледі.
Кездесуде сондай-ақ, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау мәселесі де сөз болды.
Қазіргі таңда, облыс аймағында 50-ден астам экспорт бағытындағы кәсіпорын жұмыс жасайды. Ресми деректерге сәйкес, 2018 жылдың 11 айыныңы қорытындысы бойынша өңірде жалпы құны 2,7 млрд долларды құрайтын өнім экспортталған.
«KazakhExport» АҚ облыстағы экспорт бағытындағы кәсіпорындарға қолдау көрсетуге арналған шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Оның ішінде «ЭСК «KazakhExport» АҚ-ның және басқа да ұлттық компаниялардың қатысуымен халықаралық стандарттардың ережелері, мемлекеттік бағдарламаларды қолдау және оны дамыту тақырыбында семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізеді» - деп атап өтті облыс әкімімен кездесуде Руслан Искаков.
Айта кету керек, Ақтөбе облысындағы «ЭСК «KazakhExport» АҚ сақтандыру қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды, оның ішінде «Актеп» ет комбинаты - Ресей Федерациясына ет өнімдерін экспорттау; «Ақтөберентген» ЖШС - Өзбекстан Республикасына рентген жабдығын экспорттау; «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС – Әзербайжанға насосты штанг және муфталар жеткізу; «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешені.
Жиын соңында облыс әкімі барлық бастамаларға қолдау көрсетілетінін айтып өтті.