18+

Аудандық полиция бөлімшелерінде жүргізуші куәлігін жылдам алуға болады

Фото из интернета

 Бұл жемқорлық тәуекеліне әкеліп соқпайды ма?

"Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Мұхтарита Сағындықованың айтуынша, жобалық кеңсе қызметкерлерінің жүргізген мониторинг нәтижесінде, аудандық полиция бөлімшелерінде алғаш рет жүргізуші куәлігін алғандардың үлесі Мамандандырылған ХҚКО-да алғандармен салыстырғанда 2-3 есе жоғары екенін көрсеткен.

Яғни, егер мамандандырылған ХҚКО арқылы – 28% рәсімделген құжатты құраса, ал Хромтау қаласының ТЕБ арқылы – 44%, Темір қаласының ТЕБ-81,5% құрайды.

Алдағы уақытта бастамашылар алғашқы рет рәсімделетін жүргізуші куәлігін толығымен Мамандандылыған ХҚКО-ға беруді жоспарлап отыр.