Ақтөбедегі Мұз сарайында хоккейден облыс әкімінің кубогі басталған болатын, деп хабарлайды City04.kz.
Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, есімі елге таныс спортшылар, Азия және Әлем чемпиондары мен олимпиада ойындарының жеңімпаздары Ермахан Ибрагимов,Бахтияр Артаев, Мерей Ақшолақов, Ибрагим Ескендір және ҚР ұлттық олимпиада комитеті, Республикалық хоккей федерациясының өкілдері қатысты.
Турнирге үш жас буыннан құралған командалар бақ сынады: Көкшетаулық «Арлан», Рудный қаласынан «Горняк» және «Ақтөбе».