18+

Ақтөбелік боксшылар жүлделі болды

 Қызылорда облысының Шиелі ауданында "Құрметті азамат" Əбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған бокстан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Турнирге қатысқан Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас боксшылары жүлдемен оралды. 50 келі салмақта Саят Елемес жеңімпаз атанды. 48 келіде Ерасыл Мустафин 2 орынды, 54 келіде Сағындық Ерназаров мен Қадір Кенжебай үшінші жүлделі орындарды иеленді. 

Спортшылардың жаттықтырушылары Аманкелді Усенбаев пен Бауыржан Искаков.