Ақтөбеде «Жастар жылына» және «Ақтөбенің 150 жылдық» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ақтөбе-2019» үстел теннисінен өткен Республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті.
Турнирге қатысушылар кәсіпқой, әуесқой және ардагер спортшылар категориялары бойынша бақ сынады. Олардың жалпы саны 600-ге жуық. Үш күнге жалғасқан жарысқа еліміздің түрлі қалаларынан және РФ спортшылары қатысты.
Кәсіпқойлар арасында бірінші орынды Оренбургтік спортшы Илья Берёзин, әуесқой ерлер арасында бірінші орынды Ақтөбелік Мирболат Қайратұлы жеңіп алса, дәл осы категория бойынша әйелдер арасында бірінші орынға Ақтөбелік Асем Бектурлиева қол жеткізді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың өтуіне «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» мұнай компаниясы қолдау көрсетті. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин жарысқа қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтады.