Ағымдағы жылдың 15,16,17 сəуір күндері Ақтөбе облысы бойынша "Əлеуметтік мəселелерді шешу" атты облыстық акция шеңберінде орталықтан əртүрлі профильді бір топ мамандар Мұғалжар ауданына келіп, медициналық көмек көрсету мақсатында қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды City04.kz.
Ауданға балалар неврологы, балалар хирургы, кардиолог және эндокринолог, СӨСҚ маманы,екпемен бастартуы бойынша және де басқа мамандар емдеу мен алдын алу бойынша кеңестер беріп, ағарту-түсіндіру жұмыстарын өткізеді.
Медициналық мамандардан құрылған топ төмендегі жоспар бойынша аудан тұрғындарына көмек көрсетеді.