- Тарихи деректер бойынша 1932-1933 жылдары аштық пен аурудан Қазақстанда 3 миллилонға жуық адам көз жұмды. Аштық кезінде балалар мен қарттар өте көп қырылды. Қарттардың қырылуы халқымыздың даналығы мен тәжірибесінің алтын қорын шайқаса, балалардан айырылу ұлтымыздың болашағына, ертеңіне деген қауіпті күшейтті. Барлығы 600 мың қазақ аштық пен аурудан жан сауғалап, туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Кейін Сталиндік репрессия болды. Тек Ақтөбеде 7 мың адам айдауға кетіп, 1800-ден астамы ату жазасына кесілді. Біздің борышымыз елдің бірлігін сақтап, сол бір зұлмат жылдары құрбан болған қандастарымыздың есімін ұмытпау, есте сақтау, - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.