18+

Батыс әскерилері балаларға қайталанбас мейрам ұйымдастырды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері балаларға арнап керемет мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды City04.kz«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көптен күткен шырайлы жаз жайма шуақ және жылулық сезімдерге толы оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Осындай оқиғалардың бірі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар болды.

Барымыз да нарымыз да балалар, Сондықтан оларға қамқорлық танытып, олардың балалық шағын қызықты еткен абзал. Баланың күлкісі мен қуанышқа толы жанары әлемдегі ең үлкен байлық.

Халықаралық балаларды қорғау күні әр баланың балалық дәурені қызыққа толы әрі бақытты болуы тиістігін тағы бір рет еске салады. Балалардың көңіл-күйін шат-шадыман қылу, жағымды эмоциялар, достық, патриотизм сезімін туғызу, олардың арасындағы достастық қарым-қатынасты жақсарту өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты болды.

Атырау, Ақтөбе және Ақтау қаласында мереке әскери бөлімдердің аумағында ұйымдастырылды. Онда әртүрлі жаппай ойындар (мен асфальтта сурет саламын, шарларды үрлеу және т.б.), жергілікті ансамбль әртістерімен көңілді билер, аниматорлардың интерактивті бағдарламасы болды.

Сондай-ақ, өңірлік әскери гарнизондарда әскери қызметшілері балаларының суреттер көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Мейрам самаладай жарық, көңілді және әсерлі болды. Балалар мен ересектер керемет оң әсерге бөленді. Іс-шара «Фантазия» балалар студиясы әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.