4 маусым Ақтөбе қаласында «Аманат» азаматтық платформасынің брифингі өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.
«Аманат» облыстық штабының мүшелері белгіленген уақыт аралығындағы атқарған жұмыстарын қорытындылады. 28 сәуір мен 4 маусым аралығында 44 іс-шара өткізіліпті. Бұларға ТИК, ҚАК өкілдерімен, барлық 7 кандидаттың сайлау алдындағы штаб мүшелерімен кездесулер, олардың дауыс беру күніне дайындығын тексеру мақсатында сайлау учаскелеріне бару шаралары кіреді.
Қазақстан бойынша «Аманат» азаматтық платформасы аясында сайлаушылар мен журналисттерге арналған тренингтер өткізіліп,тәуелсіз бақылаушыларға түсіндірілім жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облысы бойынша 529 бақылаушылардың жас мөлшері төмендегідей:
35% жастар
5% зейнеттегілер
60 % Орта жастағылар
Жалпы 70% әйел адамдар болса, 30% ер адамдарды құрайды.
Сайлаушылар көп жағдайда сайлауға сағат 14:00ге дейін келеді. Мүмкіндігі шектелгендерге арнайы жағдайлар жасалғандығын ескертті. Бір сөзбен жан-жақты жұмыс азаматтық платформаның басты көздеген мақсатына жетелейді.
Т.Ахтанов атындағы драма театрының әртісі Музбаева Майгуль «5 аманат» жобасы бойынша:
Қазақстандықтар соңғы кезде сайлауға бейжай қарамайтындығын танытуда. Мәслен, соның ішіндегі ең көп танымал болып кеткен көліктерге «Менің таңдауым...» деген жазу жабыстыру болды. Бұл туралы облыстық штаб бөлімі басшысының орынбасары Кусаинов Халел Хаймуллиевич: