18+

Ақтөбеде 5-ші рет қайырымдылық марафоны өтеді

8 маусым күні «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында «ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШІН ЖҮГІР» ұранымен қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ақтөбеде жыл сайын өткізілетін «CNPC–Aqtobe HalFMarathon» қайырымдылық марафонына қатысу дәстүрге айналды.

Іс-шара мақсаты – жүгіруді дәріптеу, мүмкіндігінше адамдарды спортқа көбірек тарту, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсету.

Бесінші рет өтейін деп тұрған «CNPC-AMG Aqtobe HalFMarathon» жартылай марафонының жүгіру старты сағат 07.00-де.

Жарыс бағдарламасында:

Жартылай марафон 21 км; (18-35 жас , 36-49 жас, 50 жас және одан жоғары)

10 км қашықтық; (15-17 жас; 18-35 жас, 36-49 жас, 50 жас және одан жоғары)

5 км қашықтық; (15 жас және одан жоғары.)

«CNPC - Aqtobe HalFMarathon» жарысына тіркелу Аqtobemarathon.kz сайтында жүреді.

Бастапқы төлем:

Жартылай марафон 21 км – 3000 тенге;

10 км қашықтық – 2000 тенге;

5 км қашықтық - 2000 тенге;

Ұйымдастырушылар: «АРДА «РАСтемка» қоғамдық бірлестігі және «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі.

Жалпы сыйлық қоры 2 млн. астам теңгені құрайды.

Шараның бас демеушісі - «CNPC Ақтөбемұнайгаз» АҚ.