18+

Бақылаушылар өз жұмысына дайын

«Аманат» азаматтық платформасының қорытынды соңғы жиыны бақылаушылардың дайындығына арналды, деп хабарлайды Сity04.kz.

6 маусым күні өткен жиынға жалпы көлемі 150 адам қатысса, оның ішінде 139 адам «Аманаттық» ретінде бақылаушылар.

Оларға барлық нұсқаулықпен таныстыратын 6 капитан қарастырылған.

Ақтөбенің түкпір-түкпірінен жиналған сайлау бақылаушылары жиында мазалаған сұрақтарын қойып, түсінікті жауаптарын алып кетті.

Саулау күні орын алатын түрлі жағдайлардың алдын алатын түсіндірме жұмыстарында бақылаушыларға олардың басты мақсаттары мен міндеттерін, құқықтарын ескертіп кетті.

Қазақстанның "Сайлау туралы" конституциялық заңына сәйкес, президент сайлауында дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Дауыс берудi таңғы сағат 6:00-ден ерте бастауға рұқсат бар. Ең бастысы, аталған жұмыстар кешкі сағат 20:00-ден аспауы шарт. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда аумақтық комиссиялар сайлаушыларға алдын ала хабар береді. Мұндай хабар он күн бұрын таратылады.

Бақылаушылар сайлау бөлімшелеріне келгеннен кейін басты мән беруі керек сұрақтар «Кабинкалар орнында тұр ма?»,«Дауыс берушіге жасалған мүмкіндіктер сақталған ба?» болып табылады.

Бақылаушыларға жиын барысында таратылған «Бақылаушы блакноты» осындай аталмыш сұрақтарды қамтып, орын алатын жағдайларға байланысты туындайтын сұрақтардың жауабы табылады. Оған қоса оларға бақылаушы ретінде «Аманат» азаматтық платформасының өкілі екендігін растау үшін қажет болатын заттар тізімі мынадай:

Жеке куәлік; Бақылаушы куәлігі; Бақылаушы блакноты; Бейдж;

- Менің жасым 23-те. Қазіргі таңда Сазды орта мектебінде психолог болып қызмет істеймін. Сайлаудың әділ өтуіне кепілдік болатын азаматтық платформа жасақтап жатқан бақылаушылар командасында мен де бармын. 9 маусым күні №90 бөлімшеде «Аманат» азаматтық платформасынан бақылаушы ретінде боламын. Менің ойымша бұл жұмыс жақсы жоспарланған және жоспарымыз іске асуы керек. Сайлаудың әділ өтуін барынша бақылаймын,- дейді Жалғасова Несібелі, «Аманат» азаматтық платформасының бақылаушысы.

Ақнұр ҚУАНЫШ