Жылқысын шомылдыруға шыққаннан оралмаған Ақтөбе қаласының тұрғынының өлі денесі бүгін табылды, деп хабарлайды Сity04.kz.
Бүгін Нургазин Жарылкасын есімді ер азаматтың қайтып оралмағаны туралы хабар түсіп, Ақтөбе қаласының төтенше жағдай қызметі іздеу жұмыстарын бастаған еді.
Азамат 6 маусым күні сағат кешкі 19:30 шамасында Локомотивное депо ауданынан өзінің жылқысын суға шомылдыруға шыққан. Іздеу салушы "әдетте ол жылқысын шомылдыруға шыққанда Елек өзенін кесіп өтетіндігін" айтты. Бірақ бұл жолы қайтып оралмаған. Жағдай осындай ауқым алғасын дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, іздеу жұмыстары басталғаны туралы хабар келіп түсті.
Өкінішке орай жедел іздеу жұмыстары нәтижесінде мәйітті Мичурин ауданынан, Елек өзенінің тереңдігі 3 метр болатын жерінен тапқан.