Бүгін "Ақтөбе" газетінің тарихтағы 95 жылдығы, деп хабарлайды City04.kz.
Тағылымы бір ғасырдың қойнауында жатқан газеттің бүгінгі атаулы күні Ақтөбе қаласының "Баспа үйі" ғимаратында болып өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Ондасын мен қала әкімі Испанов Ильяс қатысты.
Тарихы терең халыққа еңбек етіп келе жатқан баспасөз басылымдарының бүгінде атаулы мейрамдары аталып өтіп жатыр.
Бүгінгі мерекелік кешке жиылған қауым баспасөз музейін аралап, тиражы 21 мың жуық "Ақтөбе" газеті қазіргі таңда көптеген қарым-қатынастар орнықтырып жатқандығынан хабардар болды. Әріптестерімен шығармашылық байланыстағы ұжым Маңғыстау, Атырау, Орал оған қоса қасымыздағы Қостанаймен де арақатынаста.
Атаулы күннің сәтінде облыс басшысы осы басылымда еңбек еткен алты азаматты алғыс хатпен, екі азаматты Идош Асқар, Зияш Телеуова "Ақтөбе қаласының 150 жылдығы" мерекелік медалін табыстады.
Еске салайық, басылымның 95 жылдығын қыркүйекте атап өтпек. "Журналистер аллеясының" құрылысы да күзде аяқталуы тиіс.