Ақтөбеде халықаралық қайырымдылық марафоннан 2,5 миллион теңге қаражат жиналды, деп хабарлайды Сity04.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбі, 8-маусым күні, Ақтөбеде жыл сайын өтетін «Aqtobe CNPC - AMG HalF Marathon» жарысы ұйымдастырылды.
Биыл жарыс алғаш рет халықаралық және қайырымдылық статусын алды. Қатысушылардың барлық жарналары мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесетін «АРДА Растемка» қоғамдық бірлестігіне берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған жалпы қаражат көлемі 2 500 000 теңге. Еліміздің он алты аймағынан сондай-ақ, Ресейден, Молдовадан, Қытайдан және Оңтүстік Кореядан 1100-ден астам адам марафонға қатысуға ниет білдірді.
Облыс әкімі спортшыларға сәттілік тілеп, сағат 7-де жүгіру марафонын бастап берді.
Сонымен қатар, осы жарысқа демеушілік жасаған «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Вэй Юйсян да құттықтау тілегін жеткізді.
Жарыс басталар алдын қатысушылар тәжірибелі спортшы, Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ірі шөлейттерді жүгіріп өткен Марат Жыланбаевтан кеңестер алды.
Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, марафондар мен ультра-марафондарға арналған өздік жүйені әзірлеген 160 мың шақырымды бағындырған.
Марафонның қорытындысы бойынша, 5.10 және 21 шақырым қашықтықта жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Облыс әкімі жарысқа қатысушылармен қатар, Марат Жыланбаев пен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Вэй Юйсянға «Ақтөбенің 150 жылдығы» мерекелік естелік медаль табыстады.