Кеше, 9 маусым өткен Қазақстан Республикасының президентінің сайлауы қорытынды бойынша Тоқаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Сity04.kz.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Константин Петров сайлау нәтижелерімен бөлісті.
70,76% дауысты Қасым-Жомарт Тоқаев иеленді. Бұл дегеніміз 6 504 054 қазақстандық өз дауысын берген.
16,02% дауысты Әміржан Қосанов жинаған. Яғни, 1 472 733 қазақстандық дауыс берген.
Жамбыл Ахметбеков 1,82 % (167 249 дауыс).
Дания Еспаева 5,2% (470 153 дауыс).
Толеутай Рахимбеков 3,2% (294 271 дауыс).
Амангельды Таспихов 2,07% (190 304 дауыс).
Садыбек Тугел 0,92% (84 348 дауыс).
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша сайлауға 77,4% қазақстандық қатысқан.