18+

Комиссияға жайылған дастархан

Байғанин ауданындағы жағдайға байланысты Ақтөбе облысы білім басқармасы басшының орынбасары Сүлейменова Гүлназ ТөрәліқызЫ  мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Сity04.kz.

- Облыстық білім басқармасы Байғанин ауданындағы коррекциялық кабинет пен облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметi мамандарының барлығын жинап алып, толығымен талдау жұмыстарын жүргізді,- дейді білім басқармасы басшысының орынбасары.

Жағдай 5-6 маусым аралығында орын алған. Ақтөбе облыстық ПМПК 5 дәрігері 5 маманы Ерекше қабілетті балаларды анықтау мақсатында консультация өткіззуге келген.

Бұндай консультациялар облыс бойынша барлық аудандарда жылына 1 немесе 2 рет өткізіледі. Шалғай ауылдардан комиссияның консультациясынан өту үшін аудан орталықтарына ата-аналар өз көліктерімен немесе қатынас көліктерімен балаларын әкеледі. Аудандарға баратын көшпелі комиссия жасақталып, 2 күн жұмыс жасайды.

- Байғанин ауданында 5-6 маусым күндері болған консультация қызметіне барлығы 70 бала келді. Сол себептен, балалардың барлығын қабылдап үлгеру үшін түскі ас кезінде уақыт жоғалтпас қамымен жайылған дастархан болатын. Ол комиссия мүшелерінің іс-сапар шығындарының есебінен ұйымдастырылды, - дейді Гүлназ Төрәліқызы.

Дастархан Байғанин ауданындағы коррекциялық кабинетінде жайылған. Оны жайған кабинет мамандары көрінеді.

Гүлназ Төрәліқызы өз сөзін:

- Осындай ситуация болғаны үшін Облыстық білім басқармасы  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметi басшылығына және Байғанин аудандық коррекциялық кабинетінің басшылығына тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілді,- деп аяқтады.

Аталмыш оқиға туралы 6 маусым күні ғаламтор беттеріне Комиссияға дастархан жайған деп тараған жазбалардан белгілі болды. 

Ақнұр ҚУАНЫШ