Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомар Тоқаев қызметтік бабына ресми кірісу салтанатындағы сөзінде ең басты атқарылатын 10 мәселені атап кетті, деп хабарлайды Сity04.kz
Тұрғындардың кірісін көбейту.
Тоқаев: Біз өсудің маңыздылығын терең түсінуіміз керек. Азаматтарымыз жұмыс жасап, балаларын тәрбиелеп, жайбарақат өмір сүруі үшін. Экономикалық өсім болу үшін жақын арада өткізілетін жиында жан-жақты дамудың бағыттарын қолға аламыз.
Жемқорлықпен күрес
1 қыркүйекке дейін жемқорлықпен күреске түзетулер еңгізілетін болады. Біз жемқорлыққа жүйелік күрес жүргіземіз.
Сот реформасы
Сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесіне реформа еңгізу. Тоқаев сот және кандидатты іріктеу жүйесін жою керектігін алға тартты.
Еңбекпен қамту
Жаңа жұмыс орындарын ашу. Кірістің дұрыс реттелуі - маңыздылығы жоғары сауалдардың бірі.
Тұрғын үй мәселесі
Әр түрлі санаттағы азаматтардың тұрғын үй алуына ерекше назар аудару қажет.
Әділ әлеуметтік саясат
Жалпы оқытуды қолдау, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.
Тоқаев: біз мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін арттыратын жаңа заңдарды қабылдаймыз, олардың құқықтарын қорғай отырып, барлық жағдайды жасаймыз.
Өңірлерді дамытудың жаңа бағыты
Қуатты аймақ - қуатты Қазақстан. Барлық міндеттер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Халық өңірлердегі шешімдерге қатысуы тиіс.
Рухани жаңғыру
Бостандыққа ұмтылу, халықтың бірлігі мен жасампаз күші, жастар - еліміздің болашағы. Біз бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге арнауымыз керек.
Сыртқы саясат
Қазақстан өзін ашық сенімді ел ретінде бекітті. Біз ұлттық мүдделерді әлемдік аренада нық ілгерілететін боламыз. Сыртқы саяси қызмет экономикалық пайда әкеледі.
Жастар-прогрестің қозғаушы күші