18+

Ешқандай дәріні рецептсіз ала алмайсыз

Фармацевтика өкілдері дәрі-дәрмек саудасындағы өзгерістерге байланысты туындаған мәселелерді атады, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ендіген былай ауырсынуды жеңілдететін немесе аллергияға қарсы дәрілерді дәрігер жазып беретін рецепт болмай ала алмайсыз.

Биылғы жылдың 15 сәуірінде Рецепт беру мен дәрі-дәрмек сақтау ережелеріне өзгертулер еңгізілген еді.

Өзгертулер бойынша 87% дәрі-дәрмек тек рецептпен ғана сатылатын болады.

Бұл дегеніміз 8 мың тіркелген дәрінің 6 мыңы осы ережеге бағынбақ.

- Менің әрбір жаз мезгілі сайын өршитін аллергиям бар. Бұл кезеңде маған антигистаминдер ішуді тағайындайды. Бұрын еркін түрде сатып алатынмын. Енді рецепт үшін дәрігеріме бару керек. Емханаларда терапевтке кезекке тұратындар қанша, оның үстіне аллергологқа екі аптат бұрын жазылуым керек екен. Ал егер менің жағдайым күрт нашарлап кетсе не болады? Оған кім жауапты?- дейді қала тұрғыны Жанна Асқарова.

Бір ескеретіні, дәріханадағы сатушы сатып алушының рецептін тексеріп қана қоймай, оны 3 жылға дейін сақтауы керек.

Ақнұр ҚУАНЫШ