Бүгін, 2019 жылғы 15-маусымда «Анаға тағзым» ғимаратында Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испанов 22 көпбалалы анаға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын табыс етті, деп хабарлайды City04.kz.
Олардың екеуі 7 баланы дүниеге әкелген болса, қалғандары 6 баладан өсіріп отыр.
Қала әкімікөпбалалы аналарды алған наградаларымен шын жүректен құттықтап, ана-әйелдің бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. Әйелдерге және олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.
Барлық аналарға отбасылық дастарқанға сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 7 223 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1260, «Күміс алқа» иегерлері – 1667, «Батыр ана» - 265, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі –300, төрт және одан да көп балалары бар аналар – 3736.