18+

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮНІМЕН: кәмелетке толмағандармен жұмыс

Ақтөбе қаласы Ақтөбе қаласы Алматы аудандық Ішкі істер департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімдерді бақылауда ұстайтын полицейлер жұмысымен таныстық, деп хабарлайды Сity04.kz.

Бүгінде мемлекет кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алумен күресуде. Ал Ақтөбе қаласында кәмелетке толмағандармен күрес қалай жүріп жатыр?

Сауалға жауап іздеу мақсатында Ақтөбе қаласы Алматы аудандық Ішкі істер департаментіне барып, кәмелетке толмаған балалар бөлімшесінің аға инспекторы майор Жармаханова Алтын Туржановнамен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Бұл қызметке қашан келдіңіз? Қызмет еткен жылдары көбіне қандай жасөспірімдермен кездесесіз?

- 2008 жылдан бері кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс жөнінде ішкі істер департаментінде қызмет атқарамын. Осы уақытқа дейін әртүрлі жасөспірімдермен кездестім. Олардың ішінде жақсылары болады да, жаманы болады деп айта алмаймын. Себебі, олар ата-ананың қамқорлығынсыз, қарауынсыз қалғандықтан басқа орта іздеу арқылы көп құқық бұзушылыққа, қылмыс барып қояды.

- Кәмелетке толмаған жасөспірімдер қоғам ортасына зиянын тигізе ме? Олардың қоғамды бұзуға деген қаупі бар ма?

- Жоқ, олар қоғамға қауіпті емес. Тек олардың құқықбұзушылыққа бару себебімен күресу керек. Яғни, бүгінде қылмысқа баратын жасөспірімдер көбіне ата-ана тарапынан қараусыз қалғандар болып табылады. Ондай ата-аналар өз карьерасымен, жұмысымен немесе жеке өмірімен балаларын назардан тыс қалдырып жатады. Тіпті, жеке өмірінде жаңа жолдас пайда болып, қамқорлығындағы балаға мүлде қарамайды. Сондықтан кәмелетке толмаған балалар өз бетімен өмір сүре бастайды.

- Бір күнгі түнгі жорық кезінде қанша жасөспірімді ұстайсыздар?

- Сағат кешкі 11 ден түнгі 2-3 терге дейінгі түнгі рейдте 16 жасөспірімді ұстаймыз. Олардың ішінде кеш далада серуендегендер мен ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдерінің қарауынсыз, оған қоса жұмыс істеп жүргендер жатады. Күнделікті жүзеге асатын түнгі рейдтерден Қарғалы ауданында орналасқан біздің бөлімшеге Нурсити, Кирпичный, Пригородный, Ақжар, Заречный аудандарынан ұсталған кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі.

- Жасөспірімді бөлімшеге жеткізгеннен кейін қандай жұмыс атқарылады?

- Түнгі рейдте ұсталған кәмелетке толмаған балаларды бөлімшеге жеткізіп заңды жауапкершілігіндегі өкілдеріне хабарласамыз. Яғни, ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер бала кешкі уақытта қалада тағы жалғыз жүретін болса әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынады.

- Құқық бұзушылық саны өткен жылмен салыстырсақ, қай бағытта өзгеріс бар?

- Алдыңғы жылға қарағанда биыл кәмелетке толмағандар арасында қылмыс мүлде жоқ. Кәмелетке толмағандар арасында істер азаюда. Әрдайым участкелік инспектор арасында профилактика жүргізіліп отырады.

 - Рейдтер  Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен 3-4 рет жүргізіледі. Ойын-сауық орталықтар, кафе, түнгі клубтарды тексеріп шығамыз. Әсіресе түнгі кезекпен жұмыс істейтін кәмелетке толмаған жұмысшылар болады. ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімді жұмысқа алғаны үшін мекеме басшылары, кәсіпкерлер жауапқа тартылады.

- Қызмет бабыңызда, балалармен жұмыс кезінде қызықты я болмаса есте қаларлық оқиғалар болып тұра ма?

- Балалармен жұмыс кезінде қызықты оқиғалардан бөлек көбіне жаныңа ауырлық ететін, уайымға салатын оқиғалар болады. Себебі, қазірде әртүрлі ата-аналар оған қоса әртүрлі балалар бар. Бірде ата-анасының салғырттығынан қылмысқа барған жасөспірімдер шын мәнінде өмірді өз бетімен сүруге тырысатын балалар болады. Бірде жақсы тәрбие беріп отырған ата-анасынан безіп, сыртқа қарай жүгіретін, әзірге толыққанды қоғаммен арақатынасты түсініп үлгермесе де ешкімді тыңдағысы келмейтін жасөспірімдер де кездеседі.

Қызмет бабымда есімде жарқын қалатын сәттер "Жас сақшы" науқанында мектеп оқушыларының полиция қызметкерлеріне көмектесетін кездері шығар. Себебі, олар өздері кәмелетке толмаса да кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа, қылмысқа бармаса екен деп әрдайым белсенділік танытатындығы көңілімді жадыратады.

- Есепке тұрған балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарынан бөлек қандай шара істелінеді?

- Есепке алынған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді әрдайым бақылауда ұстап қана қоймай оларды қоғамдық өмірге араластыруға тырысамыз. Музейге, ойын және спорт кешендеріне жиі барып олардың қоғаммен қатынас жасауына жағдай жасаймыз.

P.S. Қоғам үшін жасөспірімдер зияндығын тигізбейтіндігін алға тартқан бөлім басшысымен қоса полиция капитандары Дузбаев Е.Е., Ахметханов А.К., Максутова Л. және аға лейтенант Нуршин М.Ж.,Сембай Д. өз қызметтерінің бір бөлігін көрсетті.

 Әдеттегідей есепке алынған жасөспірімдердің үйлерін аралап, жағдайларларын қадағалау барысымен таныстық.

Толығырақ ютуб каналымызда: ВИДЕО

Ақнұр ҚУАНЫШ