18+

Ақтөбе облысының әкімі жұмыс сапарымен Мәртөк ауданында болды

Жұма, 21-маусым күні, Оңдасын Оразалин Қаратоғай ауылдық округінен 3 шақырым жерде орналасқан Елек өзені арқылы өтетін көпірдің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Сity04.kz.

1988 жылы салынған өткел көктемгі су тасу кездерінде құлап, Қаратоғайлық тұрғындарға қолайсыздық тудырып келді. Құлаған өткел бірнеше рет демеушілердің көмегімен қайта қалыпқа келтіріліп жүрді.

Өңір басшысы ауыл ақсақалдарымен кездесу барысында да тұрғындар осы мәселенің өткір екенін жеткізді. Жағдаймен толық танысқан Оңдасын Оразалин жауапты мамандарға осы жұмысты жүзеге асыру үшін бірнеше тапсыра жүктеді.

Нәтижесінде, құрылысқа қажетті жобалық сметалық құжат жылдың соңына дейін әзірленіп, келер жылы ұзындығы 60 метр болатын жаңа көпірдің құрылысы басталмақ.

Облыс басшысының іс-сапары Құмсай елді мекенінде жалғасты.

2010 жылы салынған бос тұрған үйлерді көріп,ғимараттарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарады.3-5 бөлмелі үйлерді аудандағы тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы аналарға беру жоспарланып отыр.

Көгілдір отын мәселесі келер жылы шешімін табуы мүмкін.Осы үйлердің жанындағы 2 қабатты нысан балабақша мақсатына беру көзделуде. Аудан әкімі Ермек Кенжеханұлы аталған үйлерге тұрғындар көрші ауылдан көшіп келуге ниетті екенін айтады.

Бос тұрған 20 үй кезінде 2003 жылы "Мәртөк техникалық зауыты" ЖШС мен вагон жасау заводының құрылысы үшін жер алынып, болашақ зауыт жұмысшыларға салынған.

Вагон зауытының құрылысы белгісіз себептермен тоқтап ғимараттар пайдаланусыз тұр.

- Жаңа қоныстанып келушілер үшін толыққанды жағдай жасау қажет. Көгілдір отын әзірге кірмегендіктен қыс мезгілінде қиындық тудырмау мәселесін қараңдар, бағалау жұмыстарын жүргізіп, кешенді құжат әзірлеңдер,-деді аймақ басшысы.

Бүгінде үйлер құны 3,7-4,6 млн, әкімшілік ғимараты 58,9 млн теңге тұрады. Айтып өтейік, соңғы екі жылда нысандарға 3 рет бағалау жұмыстары жүргізілген. Жаңа үй салған жағдайда, 1ш.м. тұрғын үйдің бағасы шамамен 140,0мың теңгені құраса, бос тұрған осы үйлердің 1 ш.м. тұрғын үйдің бағасы 70,9мың теңгені құрайды. Бір жағынан мемлекет қаржысына үнемді болмақ.

Облыс әкімі осы ауылдағы сорғы станциясы су құбыры желілерінің жұмысымен танысты. Құмсай елдімекеніне қазір су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жауапты мердігер мекеме тамыз айында аяқтауды жоспарлайды.

Осы кезге дейін ауыл тұрғындары ауыз суды Мәртөктен тасып ішуге мәжбүр болған.Жұмыс толық аяқталса, Құмсайлық тұрғындар тамыз айында ауызсуға қол жеткізеді.

Сондай-ақ,аймақ басшысы, Родников ауылындағы дәнді-дақыл егумен айналысатын «Родники-Агро» ЖШС-гінің жұмысымен танысты.

1995 жылы құрылған қожалық бидай, тары,арпа,күнбағыс дақылдарын егумен айналысады. Шаруа қожалығы биыл 19352 га жерге бидай,2015 га арпа, 1592 га күнбағыс,100 га жерге тары сепкен. Биыл 1 га егістіктен 10-12 центнер өнім аламыз деген жоспары бар. Өнімдер 20 мың тонналық қоймаға сақталады. Шаруа қожалық сондай-ақ, биыл 1млрд 300млн теңгеге жаңа тракторлар сатып алған. Мәселен, «Джон-Дир» 6135В тракторы еліміз бойынша жалғыз осы қожалықта кездесетін тармалы трактор болып отыр. Ерекшелігі, дәнді дақылға зиянын тигізбесетен, арам шөптерден тазартады.

Өңір басшысы «Хазірет» елдімекенінде болып, апатты жағдайдағы фельдшерлік-акушерлік пункттің жағдайын көрді. 2009 жылы салынған ғимарат 2017 жылы апатты деп танылған. Қазір медициналық мекемеге мәдениет үйіндегі бір кабинет берілген. Оңдасын Оразалин тиісті мамандарға тез арада шара қабылдауды тапсырды. Медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтіп, немесе басқа жерден қайта бой көтеруі мүмкін.

Облыс басшысы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Өзекті мәселелерін тыңдады. Және шешілуі аса күрделі емес мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырма берді.

Оңдасын Оразалин «Коквест» мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалық жұмысымен танысты. Ет, сүт бағытында 851 бас ірі қара мал асырап отыр.Оның ішінде 229 асыл тұқымды мал болса, 537 бас қой. 110 бас жылқы және 420 шошқасы бар. Қожалық басшысы Владимир Проскурин кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік қолдауларға қол жеткізіп, кәсібін дамытқан. Ендігі мақсаты мал бас санын көбейтіп, ет өнімін экспортқа шығару. Шошқа еті мен сүт өнімдері жергілікті тұрғындарға,және Ақтөбе қаласына сатылымға шығуда.

Жұмыс сапары соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан басшысына өңдеу өнеркәсібі, құрылыс жұмыстарын дамытуды, инвестиция көздерін тартуды, «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы»жеңілдікпен несиелеу бағдарламалары аясында жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.