ҚР Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен бұл қызметке Мавр Абдуллин кірісті, деп хабарлайды Сity04.kz.
Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Елбасы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.