24 маусым тіркелген Арыс қаласындағы оқ қоймасында орын алған жарылыстан жапа шеккендер мен панасыз қалғандарға Ақтөбе жұрты көмек көрсетуде, деп хабарлайды Сity04.kz.
Өңірде Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты көмек қолын созу мақсатында қорлар ашылып, оған Ақтөбе кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметкер мен мекеме басшылары, қарапайым тұрғындар белсене араласуда.
Облыс әкімі орынбасарының бастамасымен «Арыс, біз біргеміз» акциясына үлес қосу жұмыстары кеше басталып кеткен.
Демеушілерден жиналған 5 млн теңгеден басқа мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме басшылары бір күндік жалақыларын аударып жатыр.
Ал "Нұр Отан" саяси партиясының Ақтөбе қалалық өкілдігі де қайырымдылық қорын ашып, кешеден бері азық-түлік жинап жатыр,
Саяси партияның оған қоса "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері бір күндік айлықтарын жинап көмек ретінде Арыстағы көмекке зәру отбасыларға аударуда.
Оған қоса, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша әкімдігі "Ақтөбе асары" атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар да Арыстағы апаттан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созуға баршаңызды шақырады.
Kaspi Gold: 5169 4931 0673 1295 (Кенжегул Кушкарова)
ИИН: 6601 2140 2077
Байланыс телефондары: +7 (778) 178-14-75 ("Зекет қоры")
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Арыс қаласындағы зардап шеккен адамдарға арнап арнайы "Менің Атамекенім" атты ашық қоғамдық бірлестік құрып, қаражат жинауда. Қазіргі таңда жиналған қаражат 140мың теңге көлемінде.
Көмек қолын созып қаражат аударам деушілерге СІЛТЕМЕ.
Сонымен қатар, "Глобал-Спецодежда" ЖШС Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде 2 млн теңге қаражат бағыттады.
Оның ішінде жамылғы, көрпе, төсек жабдықтар, кәсіпкерлікте жасалынған киім-кешектер. Жқмыскерлердің арасында жалпы қор жасақталып, оған 260 мың теңге ақша жиналды.