Ақтөбе өлкесінде арман қуып алыс жақыннан келген студенттер мен туған жерінде аунап-қунап өңірде пайдамыз тисін деп білім алушылар назарын әрине, тек Ақтөбеге емес Қазақстанға білікті маман атану үшін шет ел оқуы қызықтырары сөзсіз.
Ендеше, сол шет ел оқуы қаншалықты қол жетімді?
Қазіргі таңда студенттер шет елге оқуға барудан еш тайынбайды. Университетке түсе салысымен сол оқу орнынымен шектеліп қана қоймай, шет елде білім алып Отанға қызмет ететін білікті маман болу жағын қарастырады.
Өзге елде оқып келген студенттердің бірі Дәурен Халелов қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін 2 курсын тәмамдады. Бар болғаны 2-ші жылын аяқтаған ол Түркияның Сакария университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып келген.
Студенттің айтуынша, шет елде оқуға барлық мүмкіндіктер бар. Студент қаласа Түркия тарапынан "Мәулана" бағдарламасы бойынша берілетін грант арқылы немесе өз ақшасына шетелде білім ала алады.
Дәурен Халелов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығы әдіскерінен мәлімет ала отырып, осындай мүмкіндікке ие болды.
Шет елдік грант иегері біздің елдегі оқу мен шет елдік оқу жүйесін былайша салыстырды:
1.Оқу еркіндігі:студенттерді оқуға ешкім мәжбүр етпейді. Әркім өзі үшін оқиды. Катысымды, дәріс немесе үй жұмыстарын тексеру жоқ.
2.Оқу бос екеніне қарамастан жүйесі ауыр .
3.Мәдени іс-шаралар өткізілмейді, бұл тек оқуға шоғырлануға мүмкіндік береді.
4.Студенттер арасындағы бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін "ЧАН" бағалау жүйесі бар. "ЧАН" жүйесі емтиханнан ұпайларды және жалпы қорытынды балдарды анықтайды. Яғни, бұл шын мәнінде қарапайым, бірақ тиімді салыстырмалылық жүйесі. Мысалы, емтихан бойынша менің балдарым басқа студенттердің балдарына да байланысты. Осы жүйе арқылы өту балл да "А"(100) алу үшін балл анықталады.
5.Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар бар болса да , біздей үлкен әдеби база жоқ.
Сондықтан, арман қуған болашақтың иесі жастар әрдайым өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауды ойлауы керек.
Ақнұр ҚУАНЫШ