Қайғылы оқиға туралы хабарды естіген соң Ақтөбедегі партия филиалдары қызметкерлері арнайы құрылған қорға бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды Сity04.kz.
Партияның облыстық филиалында көмек көрсету пункті құрылып, тұрғындар Түркістан облысы, Арыс қаласындағы зардап шеккендер мен көшірілгендерге қолдау көрсету үшін қолдарындағы барларын алып келуде.
Оның айтуынша, жұмыс қажетті уақытқа дейін жалғасады.
Ал партияның Саяси кеңесінің мүшесі, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Есенғұловтың бастамасымен өндірістік ұжым "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қорына 50 миллион теңге аударды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары мен ірі кәсіпорындар 5 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетті.
Қарапайым адамдар да өздерінің табыстарымен бөлісуге дайын. Олардың қатарында Клара Мәмбетова да бар. Ол жолдасымен үш бала тәрбиелеп отырса да, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды жөн көрді.