18+

7 жастағы ақтөбелік бүлдіршін шаxматтан Азия чемпионатында топ жарды

19-28 маусым аралығында Өзбекстан елінде шаxматтан 7-17 жастағы мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Аталған чемпионатта ақтөбелік мектеп оқушысы Ханзада Аманжол 1 алтын (блиц), 2 күміс (классика,рапид) жүлдеге ие болды.

Ханзада Аманжол 2012 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда, Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Жаттықтыру-оқытушысы Попов Дмитрий Владимирович.

Айта кетейік, сонымен қатар, Ханзада осы жылдың сәуір айында Түркияда өткен балалар арасындағы шаxматтан 2019 жылдың Әлем чемпионы атағын жеңіп алған.