Ақтөөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 жасар бала құлап қаза тапты, деп хабарлайды Сity04.kz.
30 маусымда шамамен сағат 14:23-те 12 шағын мөлтек ауданында 2 жастағы бала 8 қабаттан құлаған. Нәтижесінде бала қайтыс болды.
Осыған орай, Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарға балалармен сақ болуларын ескертеді.
Көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерін балалар құламауы үшін арнайы құрылғылармен жарақтауларын ұсынады. Жаздың ыстық күндері ашық тұрған терезелер балалар үшін аса қауіпті аймақ болып табылады. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар көп жағдайда маскитті торларға сүйеніп, өздернің қызығушылығы салдарынан қазаға ұшырып жатады.