Ақтөбе өлкесіне аяқ басқан шет елдік фанаттар бүгін әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген оқыған мектепке келді, деп хабарлайды Сity04.kz.
"Ақтөбе Еуропаны еске түсіреді": Әйгілі әнші оқыған мектепте шет елдік жанкүйерлер
3 шілде Ақтөбе қаласына келген жанкүйерлер Еуроп мен Азиядан арнайы қонақ болмақшы.
Оларға қала бойынша саяхат ұйымдастырылған. Осындай турды қолға алып отырған жоба координаторы Мейрамгуль Балқожина ниет білдірушілер көп болғандығын айтты.
- Жанкүйерлердің жобаға қатысқысы келетіндігі сонша үздіксіз қоңыраулар мен хаттар ағылып келіп жатты. Тіпті, жобаға қатыса алмайтындығын айтып көңілі босап көз жасымен де хат жолдағандар да болды. Дегенмен, осы сәтті пайдаланып турға қатыса алғандар бақытты деп ойлаймын, - дейді жоба координаторы.
- 2 жыл бұрын Димаштың фанаты болғалы бері Қазақ тіліне қызығушылығым артты. Мәскеу қаласындағы концерттен кейін Қазақстанға келуді ұйғардым. Осында балаларды ағылшын тіліне оқытып, өзім қазақ тілін меңгермекшімін. Әзірге келер жылға дейін осында боламын, - дейді 70 жасқа таяп қалған Anyan Kahl.
Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы "Парасат" оқу орталығында ағылшын тілінен сабақ береді. Қазақстанға келгеніне көп болмаса да Димаштың жанкүйері такси қызметін сынға алды. "Ағылшынша сөйлейтін жүргізушілері бар такси сервисі керек-ті" деді ағылшынша сөйлей алмайтын жүргізушіге жолыққан қонақ.
Дегенмен,"Ақтөбе Еуропаны еске түсіреді" дейді шет елдік туристтердің бірі. Өйткені, қалада алғашқы көзге іліккені жасыл ағаштар екен.
- Ақтөбедегі ең басты қалауым Димаштың ата-әжесімен кездесу,- дейді шет елдік жанкүйер.
- Кейбір жанкүйерлер әдейілеп 1 айға келіп жатыр. Себебі алда болатын "Бақытты бала" байқауына қатыспақшы. Жалпы кеше ғана астанамызда өткен Димаштың жеке концертіне келген жанкүйерлер саны 300 ден асады.
Айта кетейік, 29 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында 60 шет елден келген жанкүйерлердің қатысуымен Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өткен еді.