18+

Ақтөбеде автокөлік өртке оранып сау тамтығы қалмады

9 шілде күні Батыс сағат түскі 2 шамасында жеңіл автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ақтөбе қаласындағы Астана ауданындағы Батыс-2 ықшам ауданында №18 үйдің ауласында 2010 жылғы Chance автокөлігі өртке оранды.

- 14:19 те төтенше жағдайлар департаментінен өрт сөндіру және авариялық құтқару мемлекеттік мекемесінен жеке құрамнан 14 адам 2 автокөлік жіберілді.

Өрт сөндірушілер 14:29 минутта өртті толықтай сөндірді. Өрттің шығу себептері мен шығындары анықталуда.- деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.