Ақтөбеде «Baqytty bala» вокалдық конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Реклама/TV Media Digital Бас жүлде екі өнерпазға бұйырды. Олар Ресейдің Тюмень қаласынан келген Ислам Балкоев пен Нұр - Сұлтан қаласының қатысушысы Айгерім Тілеубек. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден сый берілді. «Балалар керемет өнер көрсетті. Сондықтан біз қайсысын таңдарымызды білмей, қиналдық», - деді әділқазы мүшесі Аида Николайчук. ІІІ-орынды алматылық Қарақат Башанова мен қостанайлық Исатай Болатхан, ІІ-орынды украиналық Дарина Галицкая мен ақтөбелік Аңсар Жүсіп, І-орынды Ресейдің Тула қаласынан келген Мария Панюкова мен алматылық Нұрлыбек Сапарбай иеленді. Үшінші орынға 100 мың теңге, екінші орынға 150 мың теңге, бірінші орынға 250 мың теңгенің сертификаты берілді. Айта кетейік, жеңімпаз Айгерім Тілеубек Димаштың бір концертінде ән шырқайтын болды. Димаш Құдайберген гала концертте «Ұмытылмас күн» әнін орындады.