18+

Ақтөбе облысында 34 балабақша мен 16 мектеп ашылады

Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есеп беруде Облыс әкімі Ондасын Сейілұлы айтқан болатын, деп хабарлайды City04.kz.

- Биыл облыс көлемінде 15 балабақша ашылып, онда 1403 орын болған еді. Биыл біз мектеп жасына дейінгі балаларды қамтуды көздеп отырмыз. Сол үшін облыста 5 мың орындық 34 балабақша салынбақшы. Білім бөлімі басшылығы мен аудан басшылары бұл жағдайды бақылауда ұстау керек.

Апаттық жағдайдағы мектептер мен 3 мезгілдік мектептердің орнына 16 мектептің іргесі қалануда. Жыл соңына дейін пайдалануға береді,- деді өңір басшысы.