- Медицина қызметкерлерінің анықтама қағазды сатуына түрткі бірнеше факторлар бар. Өткен жылы агенттіктің де өзі осы негіздегі заңсыздықтарды анықтаған. Мысалы, бір түпкі қараңғы бөлмеде көп қағазға мөр басылып, үлкен көлемде жан-жаққа таратқан. Әріптестеріңіздің мына мәселеге назарын бұрғым келеді. Медициналық ұйымның қызметкерлері мұндай көп фактіні анықтап, уәкілетті органдарға, соның ішінде агенттікке береді. Қолмен ұстап алғандай етіп. Ал нәтижесі қайда? Сол фактілердің көбісі сотқа жетпейді. "Бұзалықылық" дейді де жібере салады көбіне.
Қадағалаушы органдар тарапынан, неге екенін білмеймін, қандай да бір шектеуші шаралар қабылданбайды. Тағы айтайын, қадағалаушы органның осалдығынан осы анықтама қағазы деген қылмыстық іс қозғайтын деңгейге жеткен", - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі.